Пәкістан премьер-министрі Бішкекте болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді

Shahbaz Sharif
Фото: AzerNews

АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қырғыз Республикасының астанасында болған шетелдік азаматтарға қатысты оқиғаны баса назарда ұстап отырғанын айтты. Бұл туралы 24.kg жазды. 

– Бішкек қаласындағы пәкістандық студенттерге қатысты жағдайға қатты алаңдап отырмыз. Мен Пәкістан Елшісіне барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетуді тапсырдым. Елшілікпен байланыстамыз және жағдайды үнемі қадағалап отырамыз», - деп жазды Шахбаз Шариф Х желісінде. 

Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан болатын. 

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті Бішкекте болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram