Пәкістан президенті Зардари Карачи ауруханасына жатқызылды

АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари денсаулығының нашарлауына байланысты Карачи жеке ауруханасына жатқызылды, деп жазады Анадолы.

Пәкістан президенті
Фото: Анадолы

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Зардари дене температурасының көтерілуіне байланысты жеке ауруханаға жеткізілді.

Пәкістан халықтық партиясының (ПХП) дереккөздері ұсынған мәліметке сәйкес қазір Пәкістан президенті емделіп жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер оның денсаулығын бағалау үшін барлық қажетті медициналық тексерулерді бастады.

Бұдан бөлек, ауруханада арнайы рұқсатсыз келуге шектеулер енгізілді, ал емдеу мекемесінің аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Осыған дейін пәкістандық сәулетші Израильдің жоғары марапатынан бас тартқаны мәлім болды.

 

Соңғы жаңалықтар