Пәкістанның Үндістандағы нысандарға кері соққысынан екі адам опат болды

АСТАНА. KAZINFORM — Пәкістанның Үндістанға қарсы шабуылдары туралы жергілікті БАҚ хабарлайды, деп жазады Kazinform.

Индия против Пакистана: кто победит в споре за Кашмир
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay / Pexels

Бұған дейін Үндістан Джамму мен Кашмирдің Пәкістан бақылауындағы аймақтарына соққылар жасап, онда «Пәкістандағы террористік инфрақұрылымға соққы беріп, Үндістанға қарсы террористік шабуылдар жоспарланып, басқарылған» деп мәлімдеген.

Geo TV хабарлауынша, Үндістан әскери күштерінің соққылары салдарынан Пәкістанда кем дегенде екі адам қаза тауып, тағы 12 адам жараланған.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Үндістанның шабуылын соғыс актісі деп атады.

— Айлакер жау Пәкістанның бес елді мекеніне үрейлі шабуыл жасады. Пәкістан Үндістан мәжбүр еткен бұл әскери әрекетке толық жауап беру құқығына ие және толық жауап беріліп жатыр, — деп жазды премьер Х әлеуметтік желісінде.

Пәкістан барлық рейс үшін әуе кеңістігін 48 сағатқа жабатынын мәлімдеді, ал елдің авиациясы жаппай әуеге көтерілді.

Pakistani Samaa TV мәліметінше, Пәкістан «кек алу процесін бастады» және Үндістандағы нысандарға жауап соққыларын жасады.

Үндістан Пәкістанның шекарадағы бітімгершілік келісімін бұзғанын мәлімдеді.

Еске салайық, соңғы күндері екі ел шекарасында бірнеше рет атыс болды. Сарапшылар Үндістан 2019 және 2016 жылдардағы шабуылдардан кейінгі жағдай сияқты жауап береді деген болжам айтқан еді.

Бұған дейін Үндістанда Пахалгамдағы террорлық шабуылға жауап қайтару нұсқалары қаралды.

Сонымен қоса Үндістан Пахалгамдағы терактіден кейін Пәкістанға қарсы шаралар жариялады.

Соңғы жаңалықтар