Пәкістанда 11 кенші метаннан уланып көз жұмды

 Пәкістанда 11 кенші метаннан уланып көз жұмды
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Кветта қаласының маңындағы (Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясы) шахтада метаннан улану салдарынан 11 кенші қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Ховар» агенттігі жазды.

«Метанның жиналуы адамдардың өліміне әкелді», – деді Белуджистан провинциясы үкіметінің шахталардың бас инспекторы Абдул Гани Какар.

Кеншілер шамамен 450 м тереңдікте жұмыс істеген. Ал құтқару топтары бірнеше сағаттық жұмыстан кейін олардың денесін алып шықты.

Бас шахта инспекторы апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін қоса кетті.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістанда автобус жардан құлап, 28 адам қайтыс болғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram