Пәкістанда жанкешті шабуылдан 23 солдат қаза тапты
Алты адамнан тұратын жанкештілер тобы сейсенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысындағы әскери лагерьге жарылғыш зат тиелген жүк көлігін айдап барып, кем дегенде 23 сарбазды өлтірген, деп хабарлайды Каzinform агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Шабуыл Ауғанстанмен шекаралас шалғайдағы Дера Исмаил Хан ауданында болған. Алты шабуылшының барлығы да қаза тапқан.
Бұған дейін қауіпсіздік қызметкерлері қаза тапқандар саны 24 болғанын айтқан болатын.
Армия Дарабан ауданындағы полиция бөлімшесі аумағында базалық лагерь құрды.
«Постқа кіру әрекетіне нәтижелі түрде тойтарыс берілді. Бұл лаңкестерді жарылғыш заты бар көлікті бекетке соғуға мәжбүр етті. Содан кейін шабуыл жасалды», – делінген армия мәлімдемесінде.