Пәкістандағы қақтығыста 4 әскери қызметкер қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан армиясы алты шабуылдаушының көзін жойды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Пәкістандағы қақтығыста 4 әскери қызметкер қаза тапты
Фото: Анадолы

Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған қақтығыс кезінде 4 әскери қызметкер мен 6 шабуылдаушы қаза тапты.

Пәкістан армиясының хабарлауынша, әскерилер мен шабуылдаушылар арасындағы қақтығыс Оңтүстік Вазиристан аймағында өршіген. 

Пәкістан армиясы шабуыл жасағандардың қай ұйымның мүшесі екені туралы ақпаратпен бөліскен жоқ. 

Биыл Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан провинцияларында шабуылдар көбейген. 

Исламабад бұл шабуылдарды Ауғанстанда орналасқан пәкістандық тәліптер жоспарлап, ұйымдастырды деп мәлімдеп отыр. Ал, Ауғанстан бұл айыптарды жоққа шығарды.

Айта кетейік, АҚШ-та Трампты өлтіруге тапсырыс берді деген күдікпен Пәкістан азаматы ұсталған еді. Сондай-ақ Пәкістандағы су тасқыны екі күнде 35 адамның өмірін қиды.

Соңғы жаңалықтар