Пәкістандағы су тасқыны екі күнде 35 адамның өмірін қиды

КАРАЧИ. KAZINFORM – Жергілікті билік Хайбер-Пахтунхва провинциясында нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны аймақтағы үйлер мен көпірлерге қатты зақым келтіргенін хабарлады. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

Пәкістан су тасқыны
Фото: Anadolu

Соңғы 48 сағатта Пәкістанның солтүстігінде нөсер жауын әкеп соқтырған су тасқыны салдарынан кемінде 35 адам қаза тапты.

Хайбер-Пахтунхва провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны аймақтағы үйлер мен көпірлерді қатты зақымдады, деп хабарлады жергілікті билік.

Сондай-ақ, штаттың әртүрлі аймақтарында нөсер жаңбыр салдарынан болған оқыс оқиғалардан 15 адам зардап шекті.

Пәкістанның метеорологиялық департаменті 2-6 тамыз аралығында елде қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар