Палестина Қазақстанмен көпсалалы ынтымақтастыққа ынталы

Кездесу барысында Е.Қазыханов Австралия Қазақстан үшін Азия-Тынық мұхит аймағындағы маңызды әріптестерінің бірі болып табылатынын айтты. Тараптар Қазақстан-Австралия ынтымақтастығының үдемелі дамуын, соның ішінде жоғарғы деңгейдегі саяси байланыстарды атады. 2012 жылғы Сеулдегі Қауіпсіздік жөніндегі саммит шеңберінде ҚР Президенті Н. Назарбаев Австралия Премьер-Министрі Дж.Гиллардпен кездесті, ал 2011 жылы Австралия сыртқы саяси ведомствосының басшысы Астанадағы ИЫҰ СІМК 38-отырысына қатысты.
Сонымен бірге, тараптар ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізудегі Қазақстанның кандидатурасын жылжыту мәселесін қозғады.
Әңгіме барысында экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне ерекше мән берілді. Қазақстандық дипломат тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылығы мен жаңа технологиялар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен Австралия арасындағы энергетика және ғылым мен білім саласындағы белсенді дамуды атап өтті.