Палестиналық шаштараз соғыс жағдайында да жұмысын тоқтатпады

Газа секторы
Фото: Euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM —26 жастағы Абдулла Тауфик Рамадан Газа секторындағы Әл-Бурейдж босқындар лагерінде шаштараз ашты. Израильдің Палестина анклавына қарсы шабуылы кезінде шаштараз ғимаратына снаряд тиді. Салдарынан бір қабырғасы опырылып қалса да, ол қазір ашық аспан астында, үйіндімен көмкерілген ойпатта адамдарға қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр, деп жазады Euronews.

Газаның денсаулық сақтау министрлігі өзінің соңғы есебінде 7 қазаннан бері анклавта 37 551-ден астам адамның қаза тапқанын, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар екенін хабарлады.

Тағы 86 мың адам жарақат алды.

Израильдің Газа секторына әскери шабуылы палестиналық Хамас тобының 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің оңтүстігіне жасаған бұрын-соңды болмаған шабуылына жауап болды.

Израиль билігінің мәліметінше, 1200-ге жуық адам қаза тауып, 240 адам кепілге алынған. Олардың 100-ден астамы уақытша атысты тоқтату келісімі аясында, сондай-ақ Израиль күштері Газадағы рейдтер арқылы қайтарылды. Сондай-ақ тұтқындардың бірнеше мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram