Палестиналық шаштараз клиенттердің шаштарын отпен сәндеген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Газа секторының аумағында орналасқан палестиналық сән салонының иесі клиенттердің шаш үлгілерін отты қолдана отырып сәндеген. Бұл туралы UPI жазды.
None
None

Басылымның ақпараты бойынша, 37 жастағы Рамадан Эдван (Ramadan Edwan) электр ақауының салдарынан шаш кептіргіштің орнына отты қолданады. Оның шаштаразы Мысырмен шекаралас жерде, босқындарға арналған Рафах лагерінің аумағында орналасқан.
null  

Атап өтілгендей, Эдван келушілердің шаштарын оңай жанғыш ұнтақпен немесе сұйықтықпен жуып, оттың көмегімен сәндейді. Эдвалдың қолданатын осындай тәсілі көпшіліктің сұранысын тудырды. UPI-дің дерегі бойынша, оған Үндістаннан белгісіз шебер келген. Сондай-ақ, испандық Альберто Олмедо (Alberto Olmedo) да қызығушылық танытқан. 

Соңғы жаңалықтар