Панама құрамасының шабуылшысы «Ақтөбе» командасының сапына ауысты

АСТАНА. KAZINFORM – Панамалық футболшы Фредди Элиас Гондола Смит «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды. 

Гондола
Фото:Ақтөбе ФК

28 жастағы Панама қаласының тумасы спорттық мансабында өз еліндегі «Университарио» және «Тауро» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ Гондола коста-рикалық «Алахуэленсе», «Белен», венесуэлалық «Депортиво Тачира», «Яракуянос», мексикалық «Ла-Пьедад» және израильдік «Маккаби Бней Рейне» клубтарында өнер көрсетіп, 50-ге тарта голды еншісіне жазған.  

Ол – Венесуэла чемпионатының жеңімпазы, Коста-Рика кубогының және КОНКАКАФ Орталық Америка кубогының иегері. Либертадорес кубогына қатысып, 6 ойында үш доппен көзге түскен. 

2021 жылдан бастап Панама ұлттық құрамасына шақырту алған. Бүгінге дейін құрама сапында 21 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанды. Жақында АҚШ-та өткен Америка кубогында құрамасымен бірге ширек финалға дейін жеткен. Фредди аталған турнирде бір нәтижелі паспен көзге түсті. 

Соңғы жаңалықтар