Панамада 6,1 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Панаманың оңтүстігінде 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform АҚШ Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 12 қазанда UTC уақытымен сағат 23:20–да (Астана уақытымен 13 қазанда сағат 04:20–да) болған. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Рио-Гранде қаласынан батысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі 11 шақырымды құрады.
Меркалли шкаласы бойынша жер сілкінісінің күші VII балға (өте күшті) жеткен. Ескерту жүйесінде жасыл деңгей белгіленген.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Айта кетейік, бұған дейін, жұма күні де Панаманың оңтүстігінде күшті жер сілкіністері тіркелген еді.
Бұл жер сілкінісі жұма күні Панаманың оңтүстігінде болған магнитудасы 7,7 және 6,6 болатын екі қуатты жерасты дүмпуінен бірнеше күн өткен соң тіркелді. Ол кезде эпицентрге жақын орналасқан ғимараттар қирап, елдің бірқатар өңірінде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ негізгі дүмпулерден кейін де бірнеше мәрте қайталама жер сілкіністері болған.
Бұған дейін Соломон аралдарында да магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік.