Панасыз жануарларға қамқор иелер: СҚО-да құтқарушылар ерекше акция бастады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жануарлар панажайымен бірлесіп, ерекше бастама көтерді.

Панасыз жануарларға қамқор иелер: СҚО-да құтқарушылар ерекше акция бастады
Фото: СҚО ТЖД

Петропавлдағы кәсіпкер Андрей Исаковтың қаңғырған ит-мысыққа арналған панажайы бүгінде толған. 500 ит пен 200 мысыққа арналған орталықта қазір жануарлар саны үш есе көп.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері енді иесіз қалған ит-мысықтарды көпшілікке таныстырып, оларға қамқор болатын жаңа отбасы табуға көмектеспек. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бастама аясында панажайдағы жануарлардың әрқайсысына арнап бейнероликтер түсіріліп, ерекше фотосессия ұйымдастырылды.

Панасыз жануарларға қамқор иелер: СҚО-да құтқарушылар ерекше акция бастады
Фото: СҚО ТЖД

Құтқарушылар жануарларды таныстырып, мінезін, сүйкімділігін көрсетуге тырысты.

Панасыз жануарларға қамқор иелер: СҚО-да құтқарушылар ерекше акция бастады
Фото: СҚО ТЖД

Алдағы уақытта осы фотосуреттер негізінде жаңа жылдық күнтізбе шығару жоспарланып отыр. Бұл жай ғана мерекелік кәдесый емес, панажайдағы жануарларға назар аудартып, олардың арасынан өзіне серік іздеген жандарды табуға мүмкіндік беретін жоба болмақ.

Панасыз жануарларға қамқор иелер: СҚО-да құтқарушылар ерекше акция бастады
Фото: СҚО ТЖД

Құтқарушылар үшін бұл — кездейсоқ бастама емес. Қызмет барысында олар талай рет мысықтар мен иттерді, құстарды ажал аузынан аман алып қалған.

Әсіресе 2024 жылғы су тасқыны кезінде мамандардың көмегі көпке қажет болды. Петропавлдағы су басқан үйлерден жүздеген үй жануары қауіпсіз жерге көшірілді.
Бұл жолғы бастаманың ерекшелігі — жануарларды бір сәттік қауіптен құтқарумен шектелмей, оларға қамқор ие табуға көмектесу.

Бұған дейін Павлодарда жыртқыш жануардың шабуылына ұшыраған жаралы аққу құтқарылғанын жазған едік.