Панда дипломатиясы: Қытай мен АҚШ қарым-қатынасын жөнге келтірмек

АҚШ пен ҚХР басшыларының кездесуі екіжақты қарым-қатынасты нығайту жолындағы жетістік ретінде бағаланады. Мұндай пікірді Kazinform тілшісіне берген сұхбатында "The Eurasia Center» вице-президенті Ральф Винни білдірді.

Панда
Фото: Kazinform / Midjourney / Pexels / Pixabay

Америкалық сарапшының пайымынша, екі тарап та кездесу нәтижесіне разы болды. Барлық мәселенің түйіні тарқалмағанымен ең маңызды жайттар қарастырылды.

Айталық, АҚШ пен ҚХР-дың әскери ведомстволары арасындағы байланыстың ең жоғары деңгейде қайтадан жандануы басты нәтиже саналады. Бұл кез келген қателіктің немесе түсініспеушіліктің орын алуына мүмкіндік бермейді.

 

«Мен бұл шешімді келіссөздердің алғашқы күнінен-ақ көргім келген еді. Бұл АҚШ пен ҚХР арасындағы диалогты ілгерілету үшін іргетас саналады. Бұған өте қуаныштымын», - деді Ральф Винни.

Ральф Винни
Фото: Рустем Кожыбаев/агентство Kazinform

АҚШ үшін екінші маңызды мәселе фентанил өндірісін шектеу болды. Ол екіелдің қарым-қатынасындағы негізі сәт еді.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталығының соңғы деректеріне сәйкес, 2022 жылы орын алған 72 мыңнан астам өлім-жітім фентанил сынды синтетикалық опиоидтармен байланысты болған.

Мәдени және білім бағдарламасымен алыс-берістің қайта жандануы, сонымен қатар «панда дипломатиясы» да ілгерілеушілік саналады. Мәселен, Қытай АҚШ-қа бірнеше панда беретін болады. Ал бұл америкалық-қытайлық достық қарым-қатынастың символына айналмақ.

Қытай экономикасындағы проблемалық аспектілерді, өндірістің төмендеуін, жастар арасындағы жоғары жұмыссыздықты, жылжымайтын мүлік нарығының құлдырауын ескерсек, америкалық тараппен бизнес ынтымақтастықты кеңейту Қытайдың АҚШ компанияларымен ғана емес, сонымен бірге Тайвань бизнесімен де экономикалық байланысын арттыра түсетіндігі сөзсіз.
Екі ел де қытайдың энергия жүйесінің көмірге барынша тәуелділігін және экологиялық проблемалардың бар екендігін ескере отырып, климаттың өзгеруімен әрі «жасыл» экономикаға көшумен байланысты жобалар бойынша ынтымақтастыққа дайын. Мұндай ынтымақтастық Қытайға батыстың жаңа технологияларын алуға мүмкіндік береді. Ал балама энергия көздеріне көшу қытай экономикасының кеңеюіне ықпал етеді.

Дегенмен, сарапшы Тайвань алдағы уақытта да проблемалардың бірі болып қала беретіндігін айтады. Бұл мәселе бейбіт жолмен шешілуі тиіс.

Америкалық сарапшының пайымынша, жағдай 2024 жылдың 13 қаңтарында өтетін Тайваньда өтетін президенттік сайлаудан кейін өзгеруі ықтимал.

Ральф Винни Қытайға бүйрегі бұратын Гоминьдан оппозициялық партиясы мен Тайвань халық партиясы арасында альянс құрылуы мүмкін деп болжайды. Мұндай альянс құрылған жағдайда ол Қытайға қарсы Демократиялық прогрессивті партияның билікке келуін біраз қиындататыны анық.

Айталық, егер қытайшыл партия өкілі президент болып сайланса, онда АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас Тайвань мәселесіне келгенде өте жеңіл болады. Ал егер Қытайға қарсы партия жеңіске жетер болса, онда бұл АҚШ пен Қытайға біршама еңбектенуге тура келмек.

Сонымен қатар сарапшы Вашингтон мен Бейжің арасында әскери қақтығыстарды шешуге қатысты өзара түсіністік болуы тиіс деп есептейді. Және де АҚШ Қытайдың Батыс елдері тарапында болғанын қалайды. АҚШ пен ҚХР басшыларының таяудағы кездесуінде мұндай түсіністікке қол жеткізілмегендігі анық. Дегенмен, бұл алдағы уақытта орын алатын келіссөздердегі өзекті мәселе болары анық.

Сонымен қатар тараптар жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі бойынша да диалог жалғастырады. Әзірше бұл мәселе өз дамуын тапқан жоқ және негізгі ережелері әзірлеуде келісімге қол жеткізу үшін екі елдің де мұнан арғы күш-жігерін талап етеді.

Жалпы, америкалық сарапшы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу нәтижесіне көңілі толды деп санайды және мұны өз халқына паш етуі тиіс екендігін алға тартады. Ол Қытайда қордаланған күрделі экономикалық проблемалардың шешімін оңтайлы басқарушы саналатындығын да айтады.

Си Цзиньпин показал іскерлік қоғамдастыққа Қытай Батыспен сауда-саттық саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендігін көрсетті. Пандемия кезеңінде Қытайда қатаң карантиндік ереже болды. Дегенмен, қазіргі уақытта қытай үкіметі шетелдік бизнес пен инвестиция үшін ашық.

«Си Цзиньпин мен Джо Байден өз азаматтарының өмір сапасын жақсарту үшін бір-бірін құрметтеуі әрі сенуі тиіс», - деді Ральф Винни.

Бұған қоса, сарапшы Құрама Штаттар Каспий өңірінде ілгерілетіп отырған «Орта дәліз» жлбасы Қытай мүддесіне сай келеді деп санайды. Орталық Азия логистикасы Құрама Штаттар мен Қытайдың өңірдегі ынтымақтастығы жолындағы ортақ мүддесіне жауап береді.

«Бақылау, тәртіп және тұрақтылық» - бұл Орталық Азия елдері экономикалық мүдделерін ілгерілетуде өздерін сенімді сезінуі үшін қытайлықтар да, америкалықтар да баса назар аударатын жайт.

Соңғы жаңалықтар