Пандемия кезінде вакцина егетін жануар табудың өзі қиын болды - Мирас Дәуленов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі отандық вакцина ең алғаш қандай жануарға егілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қазақстандық Qazcovid-in вакцинасы ең алғаш сириялық атжалмандар мен макакаларға егілген. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов аталмыш процестің бәрі қалай ұйымдастырылғанын баяндап берді.

«Корнавирус инфекциясына қарсы вакцина дайындау жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарлама 3 жылға арналған. Былтыр мақұлданған болатын және қысқа мерзімнің ішінде коронавиирусқа қарсы 5 вакцинаның бірі ретінде былтыр дайын болды. Тиісті штамм алынғаннан кейін 1,5 айдың ішінде жасап шығардық», - дейді вице-министр.

Ол аталмыш вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу кезінде жануар таппай біраз қиналғандарын еске алды. Өйткені ДДСҰ талабы бойынша вакцинаны кез келген жануарға сынауға болмайтын.

«Вакцина алынған кезеңде клиникаға дейінгі сынақтарды инстиуттың өзінде жасауға дайын болдық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сай бұл зерттеулер түрлі жануарларға жасалды. Соның ішінде бірінші сириялық атжалмандар, кейін макакалар болды. Пандемия кезінде біз әлем бойынша бұл жануарлардың жетпей жатқанын сезіндік. Үкіметтің қолдауымен іздеп, сатып алуға мәжбүр болдық. Бұл мәселеде Үкімет бізге белсенді көмектесті», - деді Мирас Дәуленов.


Соңғы жаңалықтар