Панфилов ауылының тұрғындары Жаңа Жылды жаңа мәдениет үйінде қарсы алды ? Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Панфилов ауылының тұрғындары Жаңа Жылды жаңа мәдениет үййінде қарсы алды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұрын құрылыс тоқталып қалған ғимаратты жаңғыртуға облыстық «Бұлақ» бағдарламасы бойынша 16 миллион теңге бөлінді. Облыстық мәдениет басқармасы жаңа мәдениет ошағына заманауи аппаратураларды тарту етті. Мәдениет үйінде ауыл әкімдігіне және пошта бөлімшесіне орын бөлінді. Ертіс ауданының әкімі Владимир Левченконың айтуынша, ауыл еңбеккерлерінің демалысына үнемі көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы ауданда 11 клуб пен мәдениет үйі ашылды.
Соңғы жаңалықтар