20:27, 12 Сәуір 2025 | GMT +5
Папуа-Жаңа Гвинеяда 6,2 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Папуа-Жаңа Гвинеяның Кокопо қаласынан шығысқа қарай 114 шақырым жерде магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы russian.news.cn хабарлады.

Табиғи апат сенбі күні Гринвич уақыты бойынша 03:47-де болды.
АҚШ геологиялық қызметінің алдын ала мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің ошағы оңтүстік ендіктің 4,71 градусы мен шығыс бойлығының 153,24 градусының координаттары бар нүктеде, ал гипоцентр 72,5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Әзірге зардап шеккендердің саны нақтыланған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мьянмадағы Мандалай қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.