13:51, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Пара алды деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысының бас қаржы полицейі тұтқындалды
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің (қаржы полициясы) бастығы С.К.Ноғаевтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпаратты растаймыз,

деп хабарлайды ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
Қатарымыздағы жемқорлармен күрес біздер үшін негізгі мәселе саналады, сондықтан да олармен өзіміздің ішкі қауіпсіздік қызметіміздің күшімен, сонымен қатар басқа да құқық қорғау органдарының күшімен күрес жүргіземіз, деп атап өтті дереккөз.
Бұл жағдайды біз қаржы полицейі атағына нұқсан келтірген қызметкерлерді қаржы полициясы органы қатарынан аластатудың кезекті фактісі ретінде бағалаймыз.
Өз қатарымыздағы пара алу фактілерін болдырмау шаралары жалғаса береді, оны біз жүргіземіз бе немесе басқа құқық қорғау органы жүргізе ме, бұл маңызды емес.