Пара дзюдодан әлем чемпионатында Айназ Куралова қола жүлде алды
АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан Әлем чемпионатында қазақстандық Айназ Куралова (46 келі) қола жүлде алды.

Ел құрамасынан дзюдодан «2025 IBSA Judo World Championships Astana» жарысында J2 санаты бойынша 81 келідегі Ғалымжан Смағұлұлы финалда өзге отандасымыз Бексұлтан Құлмырзамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Сондай-ақ жету балуан қола үшін белдесуге мүмкіндік алған еді.
J1 санаты бойынша сынға түскен ол үшінші белдесуінде Фердауза Убариковаға (Қырғызстан) жеңілген еді. Әйтсе де, отандасымызайналмалы жүйенің қорытындысы бойынша 3-орынға ие болды.
Қазірге дейін қола жүлде үшін белдесуде Альфия Тлекқабыл (52 келі), J1 санаты бойынша Асылан Нұрдәулетов (70 келі), Темірболат Ташекенов (70 келі) 3-орын үшін кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, үздік үштіктен көріне алған жоқ.
Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.