Пара волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Пара волейболдан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: instagram.com/kazparalympics

Бауыржан Тахауовтың шәкірттері финалда 2024 жылғы Паралимпиада ойындары және 2022 жылғы Азия пара ойындарының чемпионы — Иран құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салды.

Бұл ойында ирандықтардың фаворит екендігі анық еді. 

Шешуші кездесуде Иран командасы 3:0 (25:19, 25:13, 25:12) есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Қазақстан құрамасына күміс жүлде бұйырды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық параволейболшылардың Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Қазақстан пара волейбол командасы Азия ойындарының финалына шықты.