Қазақстан пара волейбол командасы Азия ойындарының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының финалына жолдама алды.

Волейболды отырып ойнау
Фото: @parateamkz

Бауыржан Тахауов жаттықтыратын қазақстандық параволейболшылар жартылай финалда Ирак құрамасымен кездесті.

Алғашқы екі партияда Ирак командасы 27:25, 25:21 есебімен басым түсті. Дегенмен бұдан кейін қазақстандықтар ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді - 25:13, 25:15, 15:8.

Қорытынды есеп - 3:2, Қазақстанның пайдасында.

Осылайша, қазақстандық параволейболшылар алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық параволейболшылардың Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.