Парадзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір «алтын» түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында парадзюдодан өтіп жатқан Әлем чемипонатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл жолы 73 келі салмақта бақ сынаған отандасымыз Ерғали Шамей J1 санатында чемипон атанды.

Бұл - Қазақстанның осы біріншіліктегі екінші «алтыны». Ал Қазақстан тарихында парадзюдодан Әлем чемпионатының үшінші алтын медалі қоржынға түсіп отыр.

Бұған дейін Бакудегі Әлем чемпионатында 48 келі салмақ бойынша Қазақстан намысын қорғаған Ақмарал Науатбек ақтық белдесуде франциялық Аурериес Мартинет Сандринді жеңіп, чемпион атанғанын жазған едік.

Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде әлемнің 40 елінен 300-ден астам спортшы бақ сынап жатыр.


Соңғы жаңалықтар