20:54, 09 Қараша 2022 | GMT +5
Парадзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында үшінші «қола»
БАКУ. ҚазАқпарат – Аманжол Жанбота 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде парадзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Жарыс Әзербайжан астанасында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (J2) біздің татами спортшымыз Германия өкілі Гораль Даниэльмен кездесті. Аманжол қарсыласын Ippon әдісімен жеңді.
А.Жанботаның жеңісінің арқасында ұлттық құраманың қоржынына тағы бір медаль қосылды.
Бүгінгі жарыста қолаға үміткер Бауыржан Арыстанбеков төрешіден 3 шидо алып, чемпионатты 5-орында аяқтады.
Қазақстандық спортшылар 8 қарашада 4 медаль жеңіп алған болатын: 2 – алтын, 2 – қола.
10 қарашада қорытынды командалық жарыс өтеді, оған біздің құрамадан 6 жұп дзюдошы қатысады.