04:48, 02 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Парагвайдан мұнай қоры табылды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елде жүргізлен ұзақ зерттеулерден кейін Парагвай президенті Федерико Франко мұнай кеніші табылғаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады MIGnews.com.

Франконың пікірінше, келесі жылдың бірінші жартысында-ақ Парагвай мұнай өндіретін елдердің қатарына қосылмақ.
Кеніш Бокерон округінде Пирити өзенінің сағасынан, ел астанасы Асунсьоннан солтүстік-батысқа қарай 500 шақырым жерде, Аргениина шекарасының маңында табылған.
Пирити өзені сағасы маңында геологиялық барлау жұмыстарын Crescent Global Oil және Pirity Hidrocarburo (екеуі де американдық компания) жүргізген. Әзірге кеніштегі мұнай қорының көлемі құпия ұсталуда.