Паралимпиада-2022: Қазақстан атынан шыққан 2 спортшы қандай нәтижеге қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан отырып сырғанауда бүгін 2 спортшы ел намысын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшылар парабиатлоннан 10 шақырымға отырып сырғанауда жарыс жолына шықты. Ел құрамасынан аталған сайысқа Сергей Усольцев пен Ербол Хамитов жарыс жолына шықты.

Бәсеке барысында алтын медальды қытайлық Лю Мэнтао еншіледі. Одан кейінгі орындарды германиялық Мартин Фляйг пен украиналық Тарас Рад өзара бөлісті.

Ал қазақстандық Сергей Усольцев мәре сызығын 14-ші болып қиды. Ол жарыс жеңімпазынан +5:15.4 көрсеткішімен қалып қойды. Ал Ербол Хамитов 16-орынды місе тұтты. Ербол алтын медаль иесінен +5:12.1 уақытқа кеш келді.

Енді тағы бір қазақстандық Александр Герлиц пара биатлоннан 10 шақырымға тұрып сырғанауда жарыс жолына шығады.

Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда. Қазақстан атынан барған 5 параспортшы спорттың екі түрінен жарысқа қатысуда.


Соңғы жаңалықтар