11:49, 13 Наурыз 2022 | GMT +5
Паралимпиада-2022: Қазақстанның медальдар кестесіндегі орны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағаттарда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Медальдар кестесінде Қазақстан Аустралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты. Қытай командасы – бірінші орында, украиналықтар – екінші орында, ал Канада үздік үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, Александр Герлиц Қазақстанға жалғыз медаль әкелді, ол парабиатлоннан түрегеп сырғанауда қола жүлдегер атанды.
Қазақстанның атынан Бейжіңдегі ойындарда бес спортшы – Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин өнер көрсетті.