Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов қанша сыйақы алады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Ербол Хамитовтің Паралимпиада алтыны және қола медалін алғаннан кейін мемлекет тарапынан қанша көлемде сыйақы алатыны белгілі болды.

Ербол Хамитов қанша сыйақы алады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық Ербол Хамитов дүбірлі дода барысында қазірге дейін бір алтын және бір қола медаль алып үлгерді. Ол бүгін пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.

Оған дейін 10 наурызда пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.

Елімізде Олимпиада және Паралимпиаданың алтын медалі үшін 250 мың доллар (шамамен 123,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы белгіленген.

Ал күміс медаль - 150 мың доллар берілсе, қола медаль -75 мың долларға бағаланады. Сондай-ақ, 4-орын алған спортшы 30 мың доллар алса, 5-орынға 10 мың доллар қарастырылған.

Қазір Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 1 алтын және 1 қола медальмен 18-орынға жайғасты.

Бұл кестеде Қытай 33 (12 алтын, 9 күміс, 12 қола) көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы АҚШ-тың 19 (9-5-5), Италияның 14 (6-7-1) медалі бар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум