Параллель могул: Павел Колмаков Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады

ЛИВИНЬО. KAZINFORM— Бүгін Италияның Ливиньо тау-шаңғы курортында фристайл-могул спортынан Олимпиада ойындарының барлық жарысы аяқталды.

Параллель могул: Павел Колмаков Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ерлер арасында параллель могул жарысында қазақстандық Павел Колмаков бақ сынады.

Алғашқы кезекте, отандасымыз франциялық қарсыласы Артур де Виллаукурды жеңді.

Алайда, екінші кезекте Павел Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегері Микаэль Кингсбериге (Канада) жол берді.

Параллель могул: Павел Колмаков Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Осылайша, Павел Колмаков 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетерлігі, бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, фристайл-акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиада ойындары алдындағы жаттығуын бастады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум