Париж-2024: Әбиба Әбужақынова қола жүлде үшін швециялық балуанмен күреседі
АСТАНА. KAZINFORM – 48 келі салмақтағы қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынованың Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін швециялық Тара Бабулфатпен белдеседі.
Қазақстандық дзюдошы алдымен израильдік Шира Ришориден, одан кейін Қытайлық Тайпей өкілі Чен Хао Линнен басым түскен еді.
Ал ширек финалда ол Лаура Абелиндадан жеңіліп қалды. Одан кейін жұбаныш белдесуінде парагвайлық Габриэла Нарвэсті жеңіп, жартылай финалда белдесуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, бүгін жартылай финалда ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі) сынға түседі.
Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 27 шілдеде ел құрамасы қоржынына қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында қола медаль салды.