Париж-2024: Әлімхан Сыздықов жартылай финалға өте алмады

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Әлімхан Сыздықов жартылай финалға шыға алмады.

Әлімхан Сыздықов
Фото: olympic.kz

Отандасымыз ширек финалда Әзербайжан өкілі Сабах Шариатимен күресте қарсыласына 4:0 есебімен жол беріп қойды.

Шариати финалға өтсе ғана Сыздықов жұбаныш белдесуіне қатыса алды.

Еске салайық, Әлімхан Сыздықов алғашқы белдесуінде әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, румыниялық балуан Алексук-Чурариуді жеңген еді.
Сонымен қатар, 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы, тағы 2 дүркін күміс жүлдегері, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, Азиянын 3 дүркін чемпионы қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдесіп, 6:3 есебімен ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Соңғы жаңалықтар