Париж-2024: Елжана Таниева үшінші іріктеу жаттығуынан кейін алғашқы орнын сақтап қалды
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева үшінші іріктеу жаттығуынан кейін де, алғашқы орнын сақтап қалды.
Отандасымыз ұршықпен өнер көрсетіп, төрешілерден 32.300 балл алды. Үш снарядтан кейін 95.150 ұпаймен 7-орынды сақтап қалды.
Енді ол соңғы мүмкіндігінде лентамен өнер көрсетеді. Финалға үздік 10 гимнаст шығады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін отандасымыз көпсайысты шығыршықтағы жаттығуда 30.750 ұпай жинап, аталған сында 8-орынға тұрақтады. Одан кейін Таниева екінші мүмкіндігінде доппен жаттығуда 32.000 балл алды. Осылайша екі снарядтан кейін 62.850 ұпаймен 7-орында тұрғанын жазған едік.
Еске сала кетейік, бұған дейін еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбайдың Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмағанын жазған едік. Сондай-ақ Азамат Дәулетбеков те алғашқы белдесуінде АҚШ балуанынан жеңіліп қалды.