Париж-2024: Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыласы анықталды
ПАРИЖ. KAZINFORM – Бүгін Парижде боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыласы белгілі болды.

Ерлер:
51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе Кильес (Испания)
63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Гадфа Дрисси (Испания)
Әйелдер:
50 келі: Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия)
57 келі: Карина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико)
75 келі: Валентина Хальзова - Атейна Билон (Панама)
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.
Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған.