Париж-2024: Поляк теннисшісі жартылай финалда жеңілгеннен кейін жылап қалды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Әлемнің 1-ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швентек Олимпиада ойындарында матчтан кейін сұхбат бергенде, көз жасын жасыра алмады.

париж
Фото: championat.com

И.Швентек жартылай финалда күтпеген жерден әлемнің 7-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньге есе жіберді.

Жарыстың басты фавориттерінің бірі болып есептелген Ига Швентек топырақ төсеніштеріндегі Ролан Гаррос корттарында 2021 жылдан бері ұтылмаған еді. Енді ол тек қола жүлде үшін ғана таласады.

Қытайлық теннисші Игамен жетінші кездесуінде ғана жеңіске жетті.

Олимпиаданың теннис турнирі 4 тамызда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Парижде қытайлық теннисшінің әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, сенсация жасағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар