Париж аймағындағы босқындар басқа қалаларға көшіріледі

Париж
Фото: euronews.com

АСТАНА. KAZINFORM – Париж аймағындағы босқындар басқа қалаларға көшіріледі. «Бұның Олимпиада ойындарына қатысы жоқ», - дейді билік өкілдері. ҮЕҰ өз кезегінде  «әлеуметтік тазарту» жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады Еuronews.

Мигранттардың тағы бір тобы Иль-де-Франс қаласынан Орлеанға әкелінді. Париж бұл қадам ел астанасында уақытша орналастыру орталықтары толып кеткендіктен жасалғанын айтты. Ал Үкіметтік емес ұйымдар мұны Олимпиада қарсаңында Париждің имиджін жақсарту үшін жасалған шара дейді.

Орлеан мэрінің айтуынша, бір жылға жуық уақыт ішінде бұл қалаға бес жүзге жуық мигрант ескертусіз қоныстандырылған.

Соңғы жаңалықтар