09:47, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Париж Қазақстан Президентінің Францияға жасайтын сапары мен Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне ерекше көңіл бөледі - Б.Кушнер
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте сапарда жүрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев екіжақты және көптарапты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қ.Саудабаевтың Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнермен болған кездесуі барысында сұхбаттасушылар алдағы қазан айында Қазақстан Президентінің Францияға жасайтын сапары мен үстіміздегі жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық саралады.
Б.Кушнер атап өткендей, Париж екі іс-шараға да ерекше көңіл бөледі және олардың жемісті өтетіндігіне сенеді.