17:31, 04 Маусым 2017 | GMT +5
Париж маңынан жарты тонна есірткі мен қару-жарақ қоймасы табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз құқық қорғау органдарының қызметкерлері сенбі күні Парижге таяу маңнан жарты тонна есірткі шөбін (сора) және қару-жарақ қоймасын тапты.

«Операция кезінде есірткіден басқа осыншама қарудың табылуы олардың осал еместігін аңғартса керек. Бұл есірткі сатушылардың өздерінің қылмыстық ісін қорғау үшін ештеңеден де тайсалмайтындығын көрсетеді»,- деген құқық қорғаушылардың сөзін келтіреді Parisien газеті.