Париж маңында полиция қару қолданғаннан кейін тәртіпсіздік орын алды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат. Нантер қаласында (Франция) полиция қызметкері қару қолданып, салдарынан 17 жастағы тұрғын қаза тапты. Бұл оқиға жергілікті жастар мен полицейлер арасында кикілжің тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Reuters

Нантер - Франциядағы қала, Париждің шетіндегі ең үлкен қалалардың бірі, Франция астанасының орталығынан 11 шақырым жерде орналасқан. Қала тұрғындарының саны 90 мыңға жуық адамды құрайды.

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, сейсенбі күні таңертең полиция қызметкері полиция бұйрығын орындаудан бас тартқан көлік жүргізушісіне қарсы қарудан оқ атқан. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім полиция оғынан көз жұмды. Соңғысы қасақана кісі өлтіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлады Нантер прокуратурасы.

«Алкоголь мен есірткінің бар-жоғын анықтау үшін қан анализі жүргізілді, олар теріс нәтиже көрсетті», - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Осы күні кешке полиция қызметкерлері мен қайтыс болған жас жүргізуші тұратын Вье Пон ауданының бірнеше жас тұрғындары арасында қақтығыстар басталды.

Қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ қолданды, жергілікті тұрғындар петарда мен басқа да жарылғыш заттарды қолданған бірнеше шабуылға ұшырады. Жауап ретінде жылжымалы күштердің екі отряды, оның ішінде «қалалық зорлық-зомбылықпен» күресуге маманданғандар да жіберілді.

«28 маусымға қараған түні он үш адам қамауға алынды», - деп хабарлады Le Figaro газетіне полицияның бас кеңсесінде.

Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманин твиттерде Ұлттық полицияның бас инспекциясы «осы драманың мән-жайын анықтау үшін» тергеу жүргізіп жатқанын жазды.


Соңғы жаңалықтар