Париж метросында үш әйел жарақат алды

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның астанасындағы метроның үш станциясында ер адам әйелдерге шабуыл жасады. Күдікті бұған дейін біреудің мүлкіне зиян келтіргені үшін қамауда болған, деп хабарлайды Euronews.

Париж метросында үш әйел жарақат алды
Фото: The AP. All rights reserved

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл 16:15 пен 16:45 аралығында Arts-et-Métiers, République және Opéra станцияларында болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бейнебақылау камералары арқылы күдікті тез арада анықталды. Полиция 25 жастағы жігіттің бұған дейін істі болғанын айтты.

Париж прокуратурасының хабарлауынша, бұған дейін оған мүлікке залал келтіргені үшін айып тағылған.

Оның орналасқан жері ұялы телефон сигналы арқылы анықталды. Ол Сарсель қаласында тұтқындалды.

Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес полицияның жедел әрекетін жоғары бағалады. Жоспарланған іс-қимыл арқылы күдікті тез қолға түсті. Қазіргі таңда тергеу жүріп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Англияда пойызда белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдаған. Бұл оқиғада 10 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар