Париж Олимпиадасы: Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың (80 келі) финалдағы қарсыласы анықталды.
Қазақстандық боксшы финалда украиналық Александр Хижнякпен қолғап түйістіреді. Қарсыласы Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанса, 2017 жылы әдем чемпионатында топ жарған.
Еуропа чемпионы атағын бірнеше мәрте жеңіп алған.
Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасынан келген былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналесті 3:2 есебімен жеңді.
Нұрбек осыған дейін әзербайжандық Мурад Аллахвердиев, аустралиялық Каллум Питерстен басым түскен еді.
Сондай-ақ, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.