16:46, 15 Ақпан 2024 | GMT +5
Париж Олимпиадасында «алтыннан» үміт бар ма – министр жауабы
АСТАНА. KAZINFORM – Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына лицензия ұту қарқыны тым төмен екенін айтты.
«Париж Олимпиадасы жақындап қалды. Тым болмағанда бір «алтыннан» үміт бар ма?» - деп сұрады журналист.
Министр бұл сұрақтың жауабы қиын екенін айтады.
«Ол жағынан айту өте қиын. Қазіргі басты бір міндетіміз – лицензия алу. Өкінішке қарай, бүгінде 8 спорт түрінен 19 лицензия бар. Бұл өте аз. Мысалы, Токио Олимпиадасының алдында бізде 15 спорт түрінен 30-дан астам лицензия болған. Үміттенеміз, әлі лицензия сарапқа салынатын 70 турнир бар. Сондықтан тырысып жатырмыз. Бокс, күрес, ату спорты, велоспорт сияқты сайыс түрлерінен медаль болады деп үміттенеміз», - деді Ермек Маржықпаев.