Парижде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Парижде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне, Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Қазақстан өкілі Бақытжан Омар қатысты. 

Парижде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді.

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. 1952 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған қаламгер көзі тірісінде-ақ қазақ балалар әдебиетінің классигі ретінде танылды. Балалардың ғана емес, ересектердің де сүйікті жазушысына айналған оның шығармашылығы ұрпақ тәрбиесінде әлі күнге өзектілігін жоймай келеді. 

 Парижде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан тарапы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. 

 Парижде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биыл қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толады. Оның шығармалары қазақ мәдениетіне елеулі әсер етіп, оқырмандардың бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеп келеді. Жазушының мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгенін жазған болатынбыз.

 Парижде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Соңғы жаңалықтар