Парижде Еуропа елдерінің қатысуымен Трамптың бейбітшілік жоспары талқыланады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ өкілдері 13 желтоқсан күні Парижде Украина, Франция, Германия және Ұлыбританияның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарын талқылайды, деп хабарлайды Axios басылымы.

Трамп
Фото: Anadolu Ajansi

Келіссөз Трамптың Франция президенті Эммануэль Макронмен, Германия канцлері Фридрих Мерцпен және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен телефон арқылы сөйлескеннен кейін жоспарланған.

Басылымның хабарлауынша, төрт елдің делегациясын ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері ұсынады. Алайда Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметін атқаратын Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың қатысу-қатыспауы белгісіз.

Рубио бұған дейін Женева келіссөздерінде америкалық делегацияны басқарса, қазір Украинамен диалогты арнайы елші Стив Уиткофф пен Трамптың кеңесшісі Джаред Кушнер басқарады.

Бір күн бұрын Украина АҚШ-қа бейбітшілік жоспарының жаңартылған нұсқасын ұсынған болатын. Құжатта аумақтық дауларды шешуге қатысты жаңа ұсыныстар, сондай-ақ ресейлік әскердің бақылауындағы Запорожье атом электр станциясына қатысты мәселелер бар.

Бұған дейін Лондонда Владимир Зеленский «Ниеттілер коалициясының» жетекшілерімен кездесті

Соңғы жаңалықтар