Парижде Франция ашық чемпионатының жеребесі тартылды
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды.
Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де Е.Рыбакина сияқты, қарсыласы кейін анықталады.
Негізгі турнирге шығуға әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол ертең іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 165-сатыдағы бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рабат турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.
Ролан Гаррос турнирінде Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына өтті.