Парижде ҚР СІМ делегациясы болды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылғы мамырдың 6-сында жауапты хатшы Рәпіл Жошыбаев бастаған ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Парижде болып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Франция Республикасының сыртқы және еуропалық істер министрлігінде өткен кездесуде өткен талқылаудың басты мәні Қазақстан және Франция дипломатиялық паспорттарының иелерін визадан босату туралы екіжақты келісім болды. Қазақстан және Франция тараптары ұсынған келісім жобаларын қарау барысында ағымдағы жылға жоспарланған Франция президенті Николя Саркозидің біздің елімізге ресми сапары барысында осы құжатқа қол қою қажеттілігі туралы бірыңғай пікір әзірленді.Қазақстан мен Франция арасындағы визалық режімді жеңілдету тақырыбы Францияның ішкі істер министрлігінің дипломатиялық кеңесшісі Жан-Пьер Гинмен болған кездесуде қозғалды.Сол күні ҚР делегациясы Францияның экономика, индустрия және еңбекпен қамту министрлігінде біздің елдегі француз компанияларының филиалдарында жұмыс істейтін халықаралық волонтерлердің мәртебесі туралы екіжақты келісімдерді жасасу мәселелері бойынша келіссөздер өткізді.
Соңғы жаңалықтар