Парижде курьерден 150 мың еуроның зергерлік бұйымдары ұрланды

АСТАНА.KAZINFORM - Оқиға 22 желтоқсан күні Франция астанасының 20-шы ауданында болды. Белгісіз шабуылдаушы зергерлік дүкенге бара жатқан Париж курьерінен зергерлік бұйымдар, соның ішінде 150 мың еуроға бағаланған сапфирді ұрлап кеткен, деп хабарлайды Kazinform агенттгінің меншікті тілшісі.

Очередное ограбление в Париже: у курьера украли драгоценности на 150 тысяч евро
Фото: Википедия

Le Figaro газетінің хабарлауынша, курьер көлігін тұраққа қойып, шыққан. Күтпеген жерден оған белгісіз біреу жүгіріп келіп, басынан ұрып, зергерлік бұйымдар салынған сөмкесін алып кеткен. Онда сапфирден басқа 10 000 еуроға бағаланған алтын бұйымдар да болған.

Артынша қылмыскер оқиға орнынан мопедпен қашып кеткен.

Бұл істі тергеу бандитизмге қарсы бөлімге (BRB) жүктелген. Алайда, зергерлік бұйымдар мен қарақшы әлі табылған жоқ, ал жарақат алған курьер ауруханаға жатқызылды.

Метрополитен халқы 10 миллионға жететін Парижде зергерлік дүкендер мен мұражай галереяларын тонау оқиғалары жиілеп барады. Ұрлықтардың құны жүздеген мың еуроға бағаланады.

Бұған дейін Наполеон сақинасы ұрланғаны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар