Парижде Украинаны қолдауға «ниеттілер коалициясының» саммиті басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Макрон «ниеттілер коалициясының» мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Бейсенбі күні таңертең Франция президенті Эмманюэль Макрон Украинаның 30-ға жуық одақтастарының басшыларын Ресеймен бітімгершілік келісімге қол жеткізілген жағдайда Киевке берілетін «қауіпсіздік кепілдігі туралы» ниеттілер коалициясының жаңа саммитіне шақырды.
Сәрсенбі күні таңертең Макрон Украинаға қосымша 2 миллиард еуро әскери көмек көрсететінін мәлімдеді.
Іс-шараға Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен де қатысты.
— Біз Украинаның және жалпы Еуропаның қауіпсіздігін нығайтуға күш салып жатырмыз. Украинаның өзін-өзі қорғау қабілетін нығайту бастапқы нүкте саналады. Бізге ортақ және ұзақ мерзімді жоспар керек, — деді Урсула фон дер Ляйен.
«Дайындық 2030» — Еуропаның әскери әлеуетін арттырудың негізгі жоспары, ол бастапқыда «Еуропаны қайта қаруландыру — 2030» деген атпен ұсынылған. Алайда, Еуропа Одағының бірқатар жетекшісі, соның ішінде Италия өкілдері де атауды өзгертуді жақтап шықты. Олардың пікірінше, бұл атау тым агрессивті.
Париж саммитіне Польша премьер-министрі Дональд Туск, НАТО бас хатшысы Марк Рютте, Италия премьер-министрі Джорджия Мелони және Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз да қатысады.
Осыған дейін Эммануэль Макрон мен Владимир Зеленский Парижде кездескенін жазған едік.