Парижде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Сенбі, Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қазақстанның Франциядағы елшілігі «Қорқыт» қазақ мәдениет орталығымен бірлесіп, концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Концерт Қазақстанның Франциядағы елшілігінің ғимаратында өтті. Көрермендердің алдына қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, «Қорқыт» қазақ мәдениет орталығы, сонымен қатар дисапора өкілдері мен француз азаматтары асырап алған балалары шығып сөз сөйледі.

Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев франция жерін домбырамен көп нәрсе байланыстыратынын айтты.

«Домбыра алғаш рет Парижде 1925 жылы ЭКСПО көрмесінде көрсетілген. Қазақ музыка өнерінің майталманы Әміре Қашаубаев ойнаған домбыраның күмбірлеген даусына тәнті болған француздар ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазды»,-деді дипломат.

2014 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақтың домбырада күй тарту дәстүрі адамзаттың мәдени мұрасының тізіміне енді.

Ж.Ғалиев Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан елшілігінде қазақ тілін және ұлттық аспаптарда ойнауды үйренем (домбыра, қобыз, жетіген) деушілерге арнайы орталық ашылғандығын айтты.
Концерттік бағдарламаны Қазақ мәдениеті орталығының жас тәлімгері Маэль Дэкамп ашып, фортепианода Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Домбырашылар онда Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Құрманғазының «Адай», Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» және композитор Әлшекей Бектібайұлының «Тепенкөгі» сияқты туындыларжы орындады.

Қазақ тілін үйренбек болып жүрген Француз Шарль Кульбуа елімізде болып келгеннен кейін Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін ұдайы мәнерлеп оқып жүретін болған. .

Ал жетіген аспабы арқылы франциялық көрермендер қазақтың музыка өнерінің туындыларымен танысты. Жетігенде «Қорқыт» қазақ мәдениеті орталығының дарынды тәлімгерлерінің бірі Аружан Болатқызы қазақтың халық әні «Бүлдіргенді» орындап берді.

«Қорқыт» қазақ мәдениет орталығының жетекшісі, көптеген музыкалық фестивальдардің лауреаты Әйгерім Ерсайынованың жетіген шертуі жиналғандарды таңдай қақтырды.

Көрермендерді таң қалдырған ерекше оқиға сахнаға Мелвин Клероның шығуы болды. Қара нәсілді өнерпаз «Дударайды» қазақ тілінде тамылжыта шырқады.

Музыканттың айтуынша, оны өнерге баулыған қазақстандық дипломат Берлин Иришев екен. Ол сондай-ақ «Дудараймен» қатар Батырхан Шүкеновтың «Гүл Алматым» әнін де орындады.

Қазақ диспорасының өкілдері «Саржайлау» әнін салғанда қол шапалақтамаған адам қалмады.

Әсел Ноғайбаева фортепианода қазақтың халық әндерінен попури орындады.

Концерт соңында қазақстандық дипломат Мұрагер Сауранбаев домбырада, ал «Қорқыт» қазақ мәдениеті орталығының тәлімгері Әйгерім Матаева фортепианода сүйемелдеп, Нұрғиса Тілендиевтің «Көңілді бикеш» күйін орындады.

«Диаспора өкілдерімен және Франция азаматтары асырап алған баллармен бірге бізде бірнеше француз қазақ тілін үйреніп жатыр. Олардың әрқайсысының өзінің мақсаты бар. Кейбіреуі Димаш Құдайберген туралы біліп алып, фан-клуб құрғылары келеді»,-деді Әйгерім Матаева.

2016 жылы құрылған «Қорқыт» қазақ мәдениет орталығы қазақ тілін үйреніп, ұлттық аспаптарда ойнауға, сондай-ақ көркем шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Маусымнан бастап орталық Қазақстан елшілігінің ғимаратына орналасты.

Концерт қалың көпшіліктің көңілінен шықты. 1,5 сағатқа созылған, Ұлттық домбыра күніне арналған шара Париж тұрғындарының есінде қалатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар