Париждегі сайлау учаскесі қазақстандықтардың кезектен тыс парламенттік сайлауында дауыс беруіне әзір

ПАРИЖ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Франциядағы Қазақстан елшілігінде құрылған №124 сайлау учаскесі 15 қаңтарға белгіленген кезектен тыс парламенттік сайлауда Францияда жүрген қазақстандықтарды қабылдауға әзір.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның Франциядағы елшілігінен хабарлады.

Франция аумағында тұратын немесе сонда жүрген ҚР азаматтары жергілікті уақыт бойынша 08:00-ден 20:00-ге дейін 59, rue Pierre Charron - 75008 Paris мекенжайында орналасқан ҚР елшілігі ғимаратында дауыс бере алады.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана жіберіледі. Оны қуаттау үшін қолданыстағы төлқұжаты болуы тиіс. Сайлау күні Парижде қысқа мерзімді (іскерлік немесе жеке) сапармен жүргендер есептен шығарылған куәлігін ұсынуы тиіс.

Дипломатиялық мекемеде атап өткендей, елшілікте консулдық есепте тұрған қазақстандықтар сайлау күні Франциядан тыс жерде жүрсе, бұл туралы Париждегі ҚР елшілігінің консулдық бөлімін хабардар етіп, 2012 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:00-ден кешіктірмей азаматтардың жүрген жерлерінде азаматттық борышын атқаруға мүмкіндік беретін есептен шығарылған куәлік алуы тиіс.

Бүгінде Франциядағы ҚР елшілігінің сайлау учаскесіне 162 сайлаушы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар