Паркингті «бомбадан қорғайтын орын» ретінде пайдалану нормамен бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде соғыс жағдайында жертөле, қосалқы үй-жай және жерасты паркингтерін «бомбадан қорғайтын орын» ретінде пайдалану нормасы бекітілді. Бұл туралы Kazinform-ның ресми сауалына ТЖМ жолдаған жауапта айтылған.

Көлік тұрағы
Фото: Александр Павский / Kazinform

— ТЖМ бастамасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп құрылыс нормаларына ғимараттардың элементтерін (жертөлелер, қосалқы үй-жайлар және жерасты паркингтері түріндегі жерасты кеңістігі) қарапайым пана ретінде пайдалану мүмкіндігінің талаптарын енгізу мәселесі пысықталды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (2024ж.22.10. №134-НҚ) бұйрығымен 2.04-15-2024 «Қарапайым пана» ҚР Құрылыс нормалары бекітілді. Норматив халықты соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында әдеттегі зақымдау құралдарының бағытталмаған зақымдаушы факторларынан қорғауға арналған қарапайым жасырын пана қызметін атқаратын үй-жайларға қойылатын міндетті талаптарды қалыптастырады. Осы нормалардың талаптары адамдар көп жиналатын объектілердің 16 түрін қамтиды, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметін сай, халық үшін қарапайым паналарды пайдалану «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысымен айқындалған (2014ж. 19.12. №1357). 

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі бомбадан қорғау орындарының 70 пайызы жекенің қолында екенін жазған едік

Сондай-ақ соғыс жағдайында азаматтарды қорғайтын мобильді модульдердің ұлттық стандарты әзірленгенін хабарлағанбыз

Соңғы жаңалықтар