Паркур бойынша әлем чемпионы елорда шатырларында шеберлігін сынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік деңгейдегі спортшы, фринар және паркур бойынша әлем чемпионы Райан Дойл (Ryan Doyle) Қазақстанның мәдениетімен танысып, спорттың даму деңгейін бағалап, өз шеберлігін сынау үшін Елордаға келді. Ол қаламызда 14 және 16 қазан аралығында болды.
None
None

«Қазақстанға алғаш рет келдім, қазіргі заманда қала қаншалықты тез дамитынына таңданып отырмын. Маған 20 жыл бұрын сол жағалауда осындай әдемі ғимараттардың болмағанын айтты,  қазір мұнда адамдар жұмыс істеп жатыр», - деді атлет.

Райан Астанада 3 күн саяхаттады. Елорда шатырларының беріктігін сынады, жергілікті фриранерлермен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті және Astana Energy жобасы үшін материал жиды.

null  

Astana Energy видеожобасы -  фринардан әлем чемпионының көзқарасы бойынша - заманауи Астана қаласының энергия түсінігін ашады.

Жоба Астана қаласының әкімдігі, «Астана Конвенш Бюро» ЖШС және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Райан Дойл (Ryan Doyle) - «Фрираннер» фильмінде басты рөлдердің бірінде ойнады,  MTV «The Ultimate Parkour Challenge» шоуына қатысты, «Кері уақытқа қайту» жобасына қатысты.

null  

Райан Тәж-Махал, Колизей, Мачу-Пикчу сияқты жерлерде өзін видеоға түсірген. 

null null  

Соңғы жаңалықтар